Отан тарихына арналған жаңа кітаптар жарық көрді

ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада Қазақстан тарихына арналған жаңа кітаптардың таныстырылымы болды.

Отан тарихына арналған жаңа кітаптар жарық көрді

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Мемлекет тарихы институты шығарып отырған алғашқы он кітаптың ішінде «Қазақстандағы білім мен ғылым: жасампаздық хроникасы», «Новейшая история Казахстана: кризис и распад советской системы. I том», «Новейшая история Казахстана: выход из кризиса. II том», «Новейшая история Казахстана: устойчивый Казахстан. III том», «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: Оқиғалар хроникасы», «Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. Оқиғалар хроникасы. I-IV томдар» бар. Институт директоры Бүркітбай Аяғанның айтуынша, биыл Отан тарихына қатысты тағы 14 ғылыми еңбек жарық көрмек.