12:17, 15 Қаңтар 2024 | GMT +5
Отандастарымыз әлемнің 32 елінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды
АСТАНА. KAZINFORM - Өткен жылдың ішінде 673 отандасымыз шетелде қылмыс жасап, жауапқа тартылды.
Ведомствоның нақтыланған мәліметіне сәйкес, Ресейде – 355, Польшада – 89, Қырғызстанда – 69, Кореяда – 25, Өзбекстанда – 21, Грузияда – 16, Италияда – 12, Германияда – 9, Беларусьта – 8, Тәжікстанда – 8, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 8, Украинада – 8, Моңғолияда – 6, Қытай Халық Республикасында – 5, Латвияда – 5, Мысырда – 3, Сауд Арабиясында – 3, Ұлыбританияда – 3, Түркияда – 3, Арменияда – 2, Мажарстанда – 2, Гонконгта – 2, Чехияда – 2, Австралияда – 1, Австрияда – 1, Әзербайжанда – 1, Болгарияда – 1, Грекияда – 1, Испанияда – 1, Тайландта – 1, АҚШ-та – 1 және Францияда бір отандасымыз қылмыстық жауапкершілікке тартылды.