Отандық әдебиеттің 100 танымал кітабын анықтайтын сауалнама жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда отандық әдебиеттің танымал 100 кітабын анықтау жобасына қатысушылар марапатталды. 

Отандық әдебиеттің 100 танымал кітабын анықтайтын сауалнама жалғасып жатыр
Фото: Алма Мұқанова

Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен елімізде отандық көркем әдебиеттегі ең танымал 100 кітапты анықтауға бағытталған жалпыхалықтық сауалнама жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты – қоғамды кітап оқуға үндеу, әдеби мұраны дәріптеу, түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеп, әдеби құндылықтар жүйесін саралау.

кітап
Фото: Алма Мұқанова

Қатысушылар көркем әдебиеттің түрлі жанрындағы өздері үздік деп тапқан 10 кітапты ұсына алады. Бүгінге дейін сауалнамаға 20 мыңға жуық оқырман қатысып, өз таңдауын жасаған.

— Сауалнамаға оқырмандар белсенді атсалысып жатыр. Оған қатысқысы келетін азаматтар eGovMobile қолданбасы арқылы сүйікті шығармаларын ұсына алады. Бұл әдебиет пен руханияттың тығыз байланысты екенін тағы бір дәлелдеп отыр. Қазақ халқының әдебиетке деген көзқарасы ешқашан өзгермейді. Жазушылар жақсы дамып жатыр. Мемлекет тарапынан да қолдау мол, - деп атап өтті Ұлттық құрылтай мүшесі Раиса Қадыр.

кітап
Фото: Алма Мұқанова
Алматы
Фото: Алма Мұқанова
кітап
Фото: Алма Мұқанова

Сарапшы Аслан Тілегеннің айтуынша, қазақтың ауызша және жазба әдебиеті 100 кітаппен шектелмейді.

— Қазақ әдебиетін жақсы көретін оқырмандар үшін бұл – өте жақсы жоба. Әрине, қазақтың ауызша және жазба әдебиеті 100 кітаппен шектелмейтіні анық. Оның қоры өте мол. Соның ішінде еленбей қалған, айтылмай жүрген шығармалар тізімге еніп, өз оқырманын табады деген ойдамын. Бұл – кезінде жақсы оқырман жинап, кейін түрлі себептермен көлеңкеде қалып қойған шығармаларға екінші тыныс береді. Қазір адамдар трендтегі кітаптарды оқиды. Алайда қазақ әдебиетінде керемет шығармалар бар. Мысалы, Ғалым Ахметтің «Жем бойында» атты тарихи романы мен Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасын атап өтуге болады, - деді «Ұлан» газетінің бас редакторының орынбасары Аслан Тілеген.

кітап
Фото: Алма Мұқанова

Сауалнамаға 5 мыңыншы және 11 000-шы болып тіркелген қатысушыларға жоба серіктесі – «Меломан-MARWIN» дүкендер желісі арнайы сертификат тарту етті.

кітап
Фото: Алма Мұқанова
сөре
Фото: Алма Мұқанова
сөре
Фото: Алма Мұқанова
кітап
Фото: Алма Мұқанова
кітап
Фото: Алма Мұқанова

Айта кетейік, дауыс беру 23 шілдеге дейін жалғасады. Ал қорытынды тізім 10 тамыз – Абай күніне орай жарияланады.

Соңғы жаңалықтар