Отандық агробизнесті ынталандыру: Субсидия көлемі артады
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың наурыз айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық тыңайтқыштарды алдын ала субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл – шаруаларды алдын-ала отандық арзан тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін жаңа ынталандыру механизмі болып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған тетік шеңберінде субсидиялау мөлшерлемесі 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде отандық тыңайтқыштарға сұраныс күрт өсті: егер өткен жылы 676 мың тонна енгізілсе, биыл 1,5 млн тонна енгізу жоспарланған, оның 1,1 млн тоннасы сатып алынды.

«Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін, әсіресе өткен жылдан бері несие беру мерзімінің ұзартылуына байланысты «Даму» қоры арқылы қарызға кепілдік беру тетігі енгізілді. Бұл тетік қарыз сомасының 85%-на дейінін кепілдікпен жабуға мүмкіндік береді», - денлінген хабарламада.
Бұдан басқа, су үнемдеу технологияларын енгізу үшін инвестициялық субсидиялауда нормативтерді ұлғайту көзделген.
Жеңілдетілген қарыз қаражатының жеткілікті мөлшері диқандарға жоғары өнім алу үшін технологияларды сақтауға мүмкіндік береді.