Отандық электромобильдер алғаш болып жамбылдық полицейлерге табысталды

электромобиль полиция
Фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық өндiрiсте жасалған электромобильдер табыс етілді. Кazinform бұл туралы polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ІІМ және жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, республика бойынша алғаш рет қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынды.

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады», – делінген мәліметте.

Соңғы жаңалықтар