Отандық кәсіпорындарды қолдау үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізіледі

заң
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық кәсіпорындарды қолдау үшін қандай заңнамалық өзгерістер енгізілетіндігін айтты.

«Отандық кәсіпорындарды қолдау аясында келесідей заңнамалық өзгерістер пысықталуда. Бірінші - ірі тапсырыс берушілердің отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағдарламаларын бекіту және ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісімшарттар жасасу міндеттемелерін белгілеу. Екінші – мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылау комиссиясын құру. Үшінші – жаңа өндірістік нысандар құрылысы барысында отандық тауар өндірушілерден материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша міндеттемелерді белгілеу», - деді Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар ол өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдап, толық жүктеу жұмыстары жалғасып жатқанын және министрліктің тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram