Отандық кино: «Заманбек 2» бен «Бажа» рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер. Бірінің биігін бірі аласартпай, кеоісінше жетістігіне қуанып, абыройын асыру — елдіктің де, кеңдіктің де белгісі. Бүгінде бұл тәмсілдің мәні отандық кино ортасынан да көрініс тауып отыр.

Отандық кино: «Заманбек 2» бен «Бажа» рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: Kazinform

Қазір қазақстандық фильмдердің кассалық табысы көңіл қуантады. Соның бір дәлелі — «Заманбек 2» картинасының нәтижесі. Фильмнің прокаттан жинаған қаржысы 1 млрд 600 млн теңгеге жетті.

Ол былтыр көрерменге жол тартқан алғашқы бөлімнің 1 млрд 480 млн теңгелік көрсеткішінен асып түсті.

Ал «Бажа» комедиясының кассалық түсімі 1 млрд 100 млн теңгені құрады.

Киноиндустрия өкілдерінің пікірінше, бұл үрдіс отандық киноның дамуына оң әсер ететін жаңа дәстүрдің қалыптасуына жол ашады.

Алайда киноиндустрия өкілдерінің назарын аударғаны тек кассалық табыс емес. Соңғы уақытта отандық продюсерлердің өзара қолдауы күшейіп келеді. Олар әріптестерінің фильмдерін көрерменге ұсынуға және аудиторияны ортақ мақсатқа жұмылдыруға атсалысып жүр.

Мұндай қолдаудың игілігін «Бауыр» фильмі де көріп отыр. KINO.KZ платформасында үш күн ішінде 18 700-ден астам билет сатылып үлгерді.

Киноиндустрия өкілдерінің пікірінше, бұл үрдіс отандық киноның дамуына оң әсер ететін жаңа дәстүрдің қалыптасуына жол ашпақ. Өйткені әр қазақстандық картинаның табысы көрерменнің ұлттық киноға деген қызығушылығын арттырып, тұтас саланың әлеуетін нығайтады.

Айта кетейік, бұған дейін, аптаның кинопремьералар тізімін хабарлаған едік.