Отандық компания мамырда Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Отандық компания мамырда Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент — Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарға енгізді. 

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады. 

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір отандық әуе компаниясы наурыз айында қосымша рейстерді іске қосатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар