Отандық өнім: Қостанайда алты сүт фермасы салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға ұлғайту міндеті орындалды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

Құмар Ақсақалов
Фото: ОКҚ

- Сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермаларының құрылысы басталды. Осылайша шаруашылықтарда өнім өндіруді 30% ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86% дейін қамтамасыз етеді. Біз Мемлекет басшысының үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға ұлғайту туралы тапсырмасы жоспарға сәйкес орындадық, - деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Сондай-ақ, облыс әкімі жақында Қостанай аймағында өсірілетін және өндірілетін өнімдердің артатынын айтып отыр. 

- Жуырда ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешені пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің 3 есе өсуін және өңделген сүттің көлемін 46%-дан 60%-ға дейін артуын қамтамасыз етеді. Осылайша, жергілікті халықтың ірімшікке сұранысын жабамыз. Күні кеше «Аруана-2010» ЖШС диірмен кешені пайдалануға берілді, сол сияқты «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды, - деп толықтырды өңір басшысы. 

Айта кетейік, Қостанай облысында жастарды баспанамен қамтуға бөлінетін қаржы үш есе артқан

Бүгін Өзбекстанда екі рет жер сілкінді
Ұқсас жаңалықтар

Қытайда бір күнде екі рет жер сілкінісі тіркелді