Отандық велошабандоздар командалық спринтте үздік үштікке енді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ХХ жазғы Азия ойындарында велотректен жарыс басталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандық велошабандоздар командалық спринтте үздік үштікке енді
Фото: Владислав Семенов

Командалық спринт сайысында Кирилл Курдиди, Данияр Шахметов және Дмитрий Рязановтан құралған командамыз 44.328 уақыт көрсеткішін тіркеп, 3-орынға тұрақтады.

Осы сайыс түрінен іріктеу кезеңдері мен финалдық сайыстар бүгін өтеді.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына стенд атудан қола түскенін жазғанбыз.