15:28, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Отандық автокөліктерді алатын азаматтарға жеңілдіктер беру қажет - ҚР Көлік құрастырушылары одағы
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстандық автокөліктерді алатын азаматтарға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен өткен кездесу кезінде ҚР Көлік құрастырушылары одағының жетекшісі, депутат Мейрам Пішімбаев осындай ұсыныс жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын даярлауға қатысып жатқан Көлік құрастырушылары одағы осы ұсыныспен қатар корпоративтік салықты 150 пайызға төмендетуді, лизингтік несие беру мерзімін ұзартуды, сондай-ақ «БРК лизинг», «ҚазАгрофинанс» пен «Қазақстандық лизинг компаниясын» қаржыландыру көлемін көбейтуді сұрап отыр.
Айта кетейік, еліміздің үдетілген индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына көлік құрастыру саласы да енді. Осыған орай осы саланың нақты бірнеше бағытына мемлекеттік қолдау жасау қарастырылған.