Отандық цемент өндірісі ішкі нарықты қамтамасыз ете алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында цемент өндіретін 15 зауыт орналасқан. Әр түрлі себептерге байланысты кейбір зауыттар цемент өндірісі мен сатылымын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2020 жылғы және 2021 жылғы 5 айға цемент өткізу нарығына талдау жүргізу кезінде анықталды.
«2020 жылы цементті өндіру және бастапқы сату бойынша қызметті 12 субъект, 2021 жылы 11 субъект жүзеге асырды. Отандық цемент өндірісі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алады», - делінген ведомствоның мәліметінде.