Отандық дәрілік препараттар үлесін 40-50 пайызға дейін жеткізуіміз керек - Ардақ Төлегенова

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгінгі таңда еліміздегі дәрілік заттарға қажеттіліктің 90 пайызы шетелдік, тек 9-10 пайызы отандық өнім есебінен қанағаттандырылып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда «Дәрілік заттардың сапасы: мемлекеттік бақылаудың механизмі мен жолдарын қамтамасыз ету» атты тақырыпта өткен ғылыми семинарда фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Фармкомитет директоры Ардақ Төлегенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл көрсеткіш мемлекеттің стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған деңгейден 20 пайызға, яғни екі есеге төмен. Сондықтан, бізді еліміздегі фармацевтикалық өндірістің күрделі жағдайда тұрғандығы алаңдатпай қоймайды. Өйткені, өзіндік фармацевтикалық өндірісті жандандыру кез келген елдің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі критериі болып табылады. Біз, Елбасы атап өткендей, отандық дәрілік препараттар үлесін 40-50 пайызға дейін жеткізуіміз керек», деді Ардақ Төлегенова.

Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы отандық өндірістегі дәрілік заттарды жасау мен шығару жөніндегі жұмыстардың ережелері мен перспективалары, сондай-ақ, Қазақстанның фармацевтикалық нарығына сырттан келіп түсетін дәрілік заттардың сапасы турасында мәселелер қарастырылып, қазақстандық дәрілік өсімдік шикізатын дәрілік заттар дайындайтын перспективті негіз ретінде пайдалану мәселесі сөз болды.

Соңғы жаңалықтар