14:32, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында жүктерді тасымалдау құны төмендемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының бірыңғай ұстанымдар және техникалық реттеу ережелері туралы келісіміне өзгерістер енгізуді тапсырды.

«Кедендік процедураларды барынша жеңілдету керек. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кедендік бақылау кедендік тазарту кезеңінен тауарды шығарғаннан кейінгі кезеңге ауысуы тиіс. Ағымдағы жылдың аяғына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында жүктерді тасымалдау құнын төмендету, кедендік рәсімдеу мерзімін қысқарту және олардың орындалуын қадағалау бойынша шараларды әзірлеу қажет», - деді Президент. Осы орайда, Мемлекет басшысы халықаралық сәйкестік сертификаттарына орай Кеден одағының бірыңғай ұстанымдар және техникалық реттеу ережелері туралы келісімге өзгеріс енгізуді Үкіметке тапсырды. Бұл отандық кәсіпкерлердің шығындарын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді.