Отандық кәсіпорындарды қолдауға үш жылда 500 млрд теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық кәсіпорындарды қолдауға 3 жылда 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық кәсіпорындарды қолдауға үш жылда 500 млрд теңге бөлінеді

«Отандық кәсіпорындарды қаржылық және қаржылық емес қолдауды күшейту мақсатында алдағы үш жылда 500 млрд теңге, оның ішінде «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы 470 млрд теңге бөлінетін болады. Оның ішінде 8 млрд теңге экспортқа дейін және экспорттық қаржыландыруға «Қазақстан даму банкі» арқылы жұмсалады. 95 млрд теңгеге «Қазақстан даму банкі» желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында экспорттаушыларды қаржыландыру жалғасады. 125 млрд теңге өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген Ұлттық қор қаражатын қайта үлестіру үшін қарастырған. Экспортты қаржыландыру көлемі 3 жылдың ішінде 300 млрд теңгені құрайды», - деді ол.

Вице-премьер дерегінше, Қазақстанның экспорт желісі бойынша «Қазақ экспорт» компаниясын капиталданыруға қарастырлған 68 млрд теңгенің 34 млрд теңгесі 2019 жылдың 29 наурызында алынған. 2020 жылы қосымша 34 млр теңге түседі.

«102 млрд теңгені «Қазақ экспорт» міндеттемелері бойынша мемлекеттік кепілдендірілген лимитте бөлуге көзделген. «Қазақ экспорт» өңдеу өнеркәсібі саласында 103 млрд теңге сомасына 33 жобаны қарастыру үстінде. Қалған 30 млрд теңгенің 15 млрд теңгесі 2019 жылы экспорттаушылардың көліктік шығындарын өтеу және экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетуге бағытталған», - деді Ж.Қасымбек.