Отандық құрылыс материалдарының нарығын кеңейту және осы саланы дамыту Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады
p; Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Отандық құрылыс материалдарының нарығын кеңейту және құрылыс саласын дамыту Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуындағы негізгі басымдықтардың бәрі болып табылады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Қала құрылысын салушылардың ҮІІІ форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа бағдарламасында отандық құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту, ипотека мен жылжымайтын мүлік нарығын қайта құрылымдау маңызды пункттер мен басымдықтардың бірі болып табылады. Яғни, құрылыс секторы мемлекетті дамытудың негізгі салаларының бірі болып қала береді», - деді форумда Елбасы.
Осы орайда Президент қалалар мен елді мекендердегі халық санының өсуі проблемасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік айналма жолдарын салу сынды мәселелермен бірге кешенді түрде шешілуі тиістігін атап көрсетті. «Осы орайда қала құрылысын салушыларға айрықша үміт жүктеліп отыр. Сіздер, бұл дүниелерге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы. Елбасы сәулетшілер мен құрылысшыларды құрылыс материалдарын қолдануда заманауи және экономикалық әдістерді қолдануға шақырды.