Отандық медицинаға сенемін - Т.Дүйсенова

«Мен отандық медицинаға сенемін. Бірқатар мысалдар да келтіре аламын. Біріншіден, жыл сайын бізде 400 мың бала дүниеге келеді. 5 жылда бізде 826 адамға трансплантация жасады. Жыл сайын 60 мыңға жуық ота жасалады және 1 жылда 2,5 млн. адам біздің стационарлар арқылы өтеді», - деді ол.
Сонымен қатар министр медициналық қызмет саласында проблемалардың бар екендігін атап өтті. Білікті дәрігерлердің, медициналық техникалардың жетіспейтіндігін ашық айтты әрі бұл бағытта кемшіліктерді жою үшін жұмыстар жүргізіліп жатқандығын ескертті.
«Ал енді өзімнің қайдан ем алатындығыма қатысты сауалға жауап берер болсам, мен шетелге бармаймын. Шетелдік бірде-бір емханасына барған емеспін. Мен, Президент Жарлығына сәйкес Президент Іс басқармасының медициналық орталығында тіркеудемін және сол жақтан сәйкесінше қызметтер аламын. Сол жақта емделемін», - деді Т.Дүйсенова.