Отандық өндірісшінің қызметінен ұлттық компания бас тартқанмен, шетелдік өндірісшілер серіктестікті кеңейтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық компания себебін түсіндірместен отандық компанияның қызметінен бас тартып жатқанда, шетелдік өндірісшілер серіктесті кеңейте түсуде.Бұл бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның отандық өндірісшілерден тауар және қызмет көрсету түрлерін сатып алу шаралары туралы алматылық кәсіпкерлермен өткізген алқалы жиынында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«10 жылдан астам уақыттан бері пластикалық смарт картаның көмегімен қолма-қол ақшасыз төлем жасау жүйесіне инновациялық технологияларды енгізуге маманданып келе жатырмыз. Біз 15 жыл бұрын ең бірінші болып төлемді жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз етуге тәуекел жасаған болатынбыз. Осы уақытқа дейін бірнеше жаңа жобаларды жасап оны нарыққа енгіздік. Оның арасында «Қазақстан темір жолы» компаниясының тасымалдау қызметіндегі ақшасыз қолма-қол төлем, «Лакарт» бірыңғай бензин картасы, жанар-жағармай құю бекеттері жүйесі, көлік қоюды есептеу жүйесі сияқты жобалар болды. Сондай-ақ біздің мамандар бұл жобаларды Ресей, Моңғолия және Өзбекстан елдерінде жүзеге асыруға қатысты», дейді «Дала карт» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Стамбеков. Қазір олар жанар-жағармайды тұтынудың «Лакарт» картасы бойынша Мобил, Шеврон, Тексако, СинОйл, Лукойл және тағы басқа осы сияқты шетелдік компаниялармен белсенді қарым-қатынас жасауда. Ал «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бірнеше жыл бойы жүргізіп келген екіжақты тиімді серіктестікті орта жолдан еш түсіндірусіз үзіп, келісім-шартты бұзған. Ерлан Дәулетұлының айтуынша, қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекеттері желісінде қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін қайта жандандыра алмай отыр. Егер келісімшартты қайта жандандырып, серіктестікті жалғастыруға ұлттық компания қызығушылық танытса, олар ақысыз кеңес беріп, өздері бұған дейін жүргізіп келген қызметті қайта жалғастыруға дайын. Оның бұл пікірін қала әкімі де қолдап, Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке ұлттық компаниялардың жанар-жағармай құю бекеттері желісінде бұл төлем жүйесін енгізу туралы ұсыныс жасады.
Соңғы жаңалықтар