Отандық өндірушілердің Ұлттық компаниялардың сатып алуларына қатысуы қатаң бақылауда болады - Премьер-Министрдің орынбасары С.Ахметов
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов Шымкентте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өкілдерімен кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқосуға арқау болған негізгі тақырып ? Ұлттық компаниялар, мемлекеттік органдар, ірі кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар жүргізетін сатып алуларға отандық өндірушілердің қатысу үлесін арттыру мәселесі болды. Үкімет жүзеге асырылып отырған жобалар бойынша сатып алулардағы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің үлесін барынша арттыруды талап етуде. Осыған сәйкес заңнамалық база әзірленуде, оның негізінде сатып алулардағы қазақстандық үлес қатаң белгіленетін және бақылауға алынатын болады. Ол - Қазақстанда тіркелген фирмалар сататын импорттық тауарлар емес, міндетті түрде қазақстандық тауарлар мен қызметтер болуы тиіс. Вице-премьер сондай-ақ отандық кәсіпорындар игере алатын нарықтың 15 миллиард долларға бағаланып отырғанын атап өтті. Оның шамамен 25 пайызы ? тауарлар болса, 75 пайызы - жұмыстар мен қызмет көрсетулер. «Әрине, қазақстандық тауарлардың сапасы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес болуы керектігін міндетті түрде ескеру керек», - деді вице-премьер. «Барлық сатып алулар бойынша, жабдықтардың өзімізде, елдің ішінде сатып алуға болатын-болмайтындығы бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселе бойынша жауапкершілік бірінші басшыларға жүктеледі», - деді Серік Ахметов. Ел басшылығы бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан ағымдағы және дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында іске қосылған жобалар - түрлі саладағы кәсіпкерлерге өз істерін сақтап қалуға ғана емес, жаңа жұмыс орындарын құруға да көмектесе алады, деп санайды. Бірақ қойылатын негізгі шарт - оларды елдің ішкі резервтерін жүзеге асыру ісіне тарту болуы керек. «Жаңа тетіктерді егжей-тегжей түсіндіруге бағытталған бүгінгідей кездесулерді біз барлық аймақтарда өткіздік, тек солтүстік өңір ғана қалды. Кездесулер барысында 615 миллиондай теңге сомаға ынтымақтастық туралы 900-ден астам меморандумға қол қойылды, бұл «Теңізшевройл», «Аджип ККО» сияқты ірі компанияларды қоспағанда», - деп атап көрсетті С.Ахметов.Шымкенттегі кеңестің қорытындысы бойынша да меморандумдарға қол қойылды. Тек қана Оңтүстік Қазақстанның кәсіпорындары ұлттық компаниялармен 11 миллиард теңгеден астам соманың 30 меморандумына отырды. «Меморандумдардың жүзеге асырылу барысын біз жіті қадағалауға алатынымызды ескерткім келеді. Олардың барлығы арнайы базада тіркеледі және келісімшарт жасалғанға дейін Үкіметтің қатаң бақылауында болады», - деп мәлім етті Серік Ахметов.