Отандық пенитенциарлық жүйенің тарихында алғаш рет сотталғандар мен олардың туыстарының оnlinе режимдегі бейнебайланысы өткізілді

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін отандық пенитенциарлық жүйенің тарихында алғаш рет сотталғандар мен олардың Астана, Алматы, Ақтөбе, Өскемен қалаларында тұратын туыстарының оnlinе режимдегі бейнебайланысы өткізілді,

Отандық пенитенциарлық   жүйенің  тарихында алғаш рет   сотталғандар  мен   олардың  туыстарының  оnlinе режимдегі       бейнебайланысы    өткізілді

деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Бұл жаңалықтың негізгі мақсаты - сотталушыларға моральдық және психологиялық қолдау көрсету, деп атап көрсетті масс-медиа өкілдерінің қатысуымен өткен ілкі жобаның таныстырылымында Комитет төрағасы Сұлтан Құсетов.

Жоба қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. Бейнебайланыс мүмкіндігі түзету мекемесінің ішкі тәртібін мүлтіксіз сақтағандарға, сондай-ақ жақсы жұмыс істегендерге және мәдени-бұқаралық шараларға белсенді атсалысқандарға берілетін болады.

Қазіргі таңда сотталушыларға еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстарымен Интернеттің көмегімен кездесулер ұйымдастыру мәселесі де қаралуда.