Отандық сүт саудасында ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүттің өтімі басымырақ

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүт өнімдері Қазақстан нарығындағы сұйық өнімдердің 20 пайызын ғана құрайды.
None
None

 Бұл жайында «Орталық Азия Тетра Пак» компаниясының Бас директоры Михаил Камышный ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі сүттің және сүттен жасалатын өнімдердің басым бөлшегін қапталмаған  өнімдер құрап отыр. «Нарықтағы арнайы қапталған сүт өнімдерінің ішінде таза сүт 65 пайыз, қышқыл сүт 25 пайызды құраса, консентралды сүт  4 пайызға жетіп отыр. Қазақстан бойынша сұйық сүт өнімінің пайдалануын адам басына шаққанда, жылына бір адам 66  литр сүт тұтынады екен, бұл көрсеткіш Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда анағұрлым төмен», дейді Бас директор. Сонымен қатар ол Қазақстан нарығындағы сүт өнімдері қапталған түріне қарай дамып жатқандығын жеткізді. «Қапталған ақ сүт, ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүт және пастерленген болып екіге бөлінеді. Осы кезекте ұзақ мерзімге сақталатын сұйық сүттің өтімі басымырақ», дейді ол.

Сүт адам денсаулығына пайдалы азық екені белгілі, өйткені оның құрамында көптеген дәрумендер мен кальций бар. Сондықтан оны көп мөлшерде пайдалану қажет. Бас директор «Тетра Пак» компаниясы осы бағытты қолдап, сүт өнімдерін көбірек тұтынуға арналған көптеген шараларға атсалысып жүргендігін де айтып өтті. Сондай-ақ ол соңғы 3 жылда Қазақстанда қапталған сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіші 11 пайызға төмендегенін жеткізді. «2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 5 пайызға төмендеп отыр. Осы тұрғыда демеу беретін мемлекеттік арнайы  бағдарлама қажет», дейді М.Камышный.

Соңғы жаңалықтар