Отандық тауар өндірушілер 20 пайызға, жұмыс пен көрсетілетін қызмет 15 пайызға дейін шартты жеңілдік алатын болады - М. Көпей
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандық қамту үлесін арттыру бүгінгі Қазақстан экономикасының ең өзекті мәселесі болып табылады. Елбасы Парламенттің сессиясын ашу барысында еліміздегі іскерлік ахуал мен кәсіпкерлік белсенділікті түбегейлі жақсарту міндетін алға қойған болатын. Бұл орайда Президент қазақстандық қамтылымның көлемін ұлғайтуды, бұл мақсаттағы тиісті заңды қабылдауды жүктеген еді. Осыған орай, Парламент соңғы екі жылда екі мәрте сатып алу туралы қолданыстағы заңға түзету енгізді. Бұл түзету негізінен отандық сатып алушыларға басымдық беруді қамтыды. Бүгінде отандық тауар өндірушілер мен жұмыс берушілерді, қызмет көрсетуді қамтамасыз етушілерді ынталандыру және мемлекеттік сатып алулар барысында қазақстандық қамтылымды ұлғайту үшін тең мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Бұның ішінде отандық тауар өндіруші ендігі күні 20 пайызға, отандық жұмыс пен көрсетілетін қызмет 15 пайызға дейін шартты жеңілдік ала алады», деді М. Көпей.
Сенатор сонымен бірге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету мәселесіне тоқтала келе, бұл бағытта тиісті заңнамалық қолдаулар жүзеге асатынын жеткізді.