Отандық тауарларға индустриалды сертификат беріледі
«Қазір біздің Заңда жүкті кідіртпеу үшін импортталатын тауарларды қауіпсіздігін растайтын құжатсыз, яғни сертификатсыз шартты түрде шығару көрсетілген. Өткен жылы бұл мәселені өзіңіздің тапсырмаңызбен қарап, шартты түрде шығарылатын импорт тауарлар тізімінен балалар ойыншығын, велеосипед, самокадтарды бала денсаулығына зиянын тигізетін болғандықтан алып тастадық. Шартты түрде шығарылатын тауарлар 60 күннің ішінде кеден органдарына сертификатын жеткізуі қажет. Ал жосықсыз импортты алып келген кәсіпкерлер 60 күннің ішінде сертификатын тапсырмаса 20 айлық есептік көрсеткіш қана айыппұл салынады. Яғни, олардың тағы да алып келуіне ешқандай кедергі жоқ», - деді ол Премьер-Министрге қарата.
Мәселен, оның дерегінше, өткен жылдың төртінші тоқсанында 11 мыңнан астам импорт тауар Қазақстан нарығына шартты түрде шығарылған. Соның 4 пайызы, яғни 413-і 60 күннің ішінде сертификаттарды кеден органдарына жеткізбеген.
«Әрине, бұл үлкен цифр деп айта алмаймын. Бірақ, жосықсыз алып келген импорттың қанша сауда орнына, қанша тұтынушыға жететіндігі баршамызға мәлім. Бұл салада жылдың ортасына дейін отандық кәсіпкерлерге индустриалды сертификат беріледі. Қазір отандық кәспкерлер өндіретін тауарлардың тізімі қаралуда. Осы тізім дайын болғаннан кейін өзімізде өндірілген тауарлар жақсы болса, онда оны шартты түрде шығарылатын тауарлар тізіміне кіргізіп, импорт тауарды алып тастау қарастырылып жатыр. Бұл отандық кәсіпкерлердің дамуына жақсы жағдай жасар еді», - деді Абылай Мырзахметов.