Отандық вакцинаның тиімділігі жоғары - профессор
Оның айтуынша, қазір қолданылып жатқан екі вакцинада сынақтың барлық түрінен өткен. Екеуін де қолдануға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы рұқсат берді.
«Қазақстанда бұған дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынып келді. Бұл әлем бойынша ең сенімді вакцинаның бірі деп саналады. Сондықтан оны әлемнің 60-тан астам елі қолдануда, оның ішінде Қазақстан да бар. Сондай-ақ еліміз «QazVac» отандық вакцинасын жасап шығарды. Ол да қауіпсіз және тиімділігі жоғары, осы екі критерий қатаң сақталған. Өйткені ол барлық сынақтан өтті, сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны қолдануға рұқсат берді»,- дейді профессор.
Сәкен Әміреев отандық вакцинаға қатысты ойын білдірді.
«Елімізде салынып жатқан екі вакцинаның қайсысын таңдау ол өз қалауыңызда. Дегенмен біз отандық өнімді қолдауымыз керек»,- деді ол.