Отар елді мекеніндегі төбелес: екі әскери қызметші уақытша ұстау изоляторында

Отар елді мекеніндегі төбелес: екі әскери қызметші уақытша ұстау изоляторында
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы Отар елді мекенінде болған төбелестің видеосы тарады. Видеода төбелесте әскери қызметшілердің де бар екендігі айтылған, деп хабарлайды Kazinform. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты пікір білдірді. Онда «1 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Қордай ауданы Полиция бөлімі қызметкерлері бір топ адамның үстінен бұзақылық жасады деген фактімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған оқиға нәтижесінде екі азамат дене жарақатын алған.

Қылмыстық істі тергеу барысында Гвардейск гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің оқиғаға қатысы бары анықталды.

«ҚР ҚІЖК-нің 128, 131-баптарына сәйкес, осы қылмысты жасады деген күдікпен алты адам ұсталды, оның ішінде 2 әскери қызметші қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі «төбелес әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтар арасында болды», «әскерилер жергілікті тұрғынды соққыға жықты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Төбелескендердің ішінде тек екеуі әскери қызметші және оқиға жұмыстан тыс уақытта болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram