«Отау» және «Наурыз» ипотекасына 64 мың адамнан өтінім түскен

Ипотека
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM – Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысы қалай дамитынын айтты.

«Тек «Бәйтерек» холдингі арқылы экономикамызға 3 трлн теңгеге инвестиция құйылып жатыр. «Самұрық Қазына» қорының есебінен 700 млрд теңге бөлінді. Биыл 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады», - деді ол.

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша екі жеңілдетілген бағдарлама іске қосылғанын еске салды.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды «Отау» және «Наурыз». Қазіргі таңда 64 мың адам осы екі бағдарлама бойынша өтінім жолдады. «Самұрық Қазына» қорының есебінен 222 млрд теңге жалдамалы тұрғын үй салуға жіберілді», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram