«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұған дейін «Отбасы банк» акционерлік қоғамынан шот ашып, пәтер алатын ақшасын сондағы депозитке немесе арнайы шотқа жинап жүрген адамдар «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған жаңа бағдарламаға қатыса ала ма ?

Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев жауап берді.

«Бұйрық жобасына сәйкес, «Отбасы банк» салымшылары ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялана алмайды.

«Отбасы банк» салымшылары сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялануы үшін жинаған қаражаттарын шешіп алуы тиіс», - деп жазылған вице-министрдің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Еске сала кетейік, министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын «Ашық НҚА» порталында жариялап, көпшілік талқысына ұсынған болатын.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, бұйрық жобасы бүгінде Ұлттық экономика және Қаржы минитрліктерінің келісімін алмаған.

«Алдағы уақытта жоғарыда атап өткен министрліктер келісімін берген жағдайда, бұйрық жобасы Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржыландыруынан соң өтініштер азаматтардан қабылданатын болады», - дейді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар