Отбасы «дуалаумен» айналысқаны үшін туыс әйелді тірідей өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда бір отбасы туысқан әйелді адамдарды дуалаумен айналысты деп есептеп, тірідей өртеп жіберген.

Отбасы «дуалаумен» айналысқаны үшін туыс әйелді тірідей өртеп жіберген

40 жастағы Канья Деви өз жанұясы мүшелерінің, оның ішінде екі жасөспірім қыздың алдында жантүршігерлік қатігездіктің құрбаны болды. Көргендердің айтуынша, әйелдің екі көзіне  көмір шоғын басып, артынша жағып жіберген, деп хабарлайды Daily Mail .

Полицияның мәлімдеуінше, осы оқиғаға байланысты бес адам, оның ішінде екі туысы тұтқынға алынған.