Отбасы күні мерекесінде Астанадағы сауда орындарында жеңілдіктер жасалады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Отбасы күніне орай қаланың барлық ірі сауда орындарында үлкен жеңілдіктер жасалады. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы биыл Қазақстанда алғаш рет мерекеленетін Отбасы күніне орай «Арзан баға» акциясын өткізеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

Отбасы күні мерекесінде Астанадағы сауда орындарында жеңілдіктер жасалады
Акция аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін халық тұтынатын тауарларға айтарлықтай жеңілдіктер жасалады. «Көптеген сауда кәсіпорындары жеңілдіктер жасауды өздері ұсынды. «Бір бағаға екі зат алу», «үшіншісі сыйлыққа» және т.б. акциялары кеңінен танымал»,- деп хабарлады astana.kz сайтына Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 6, 7, 8 қыркүйекте "GREEN", "METRO", "Астықжан", " 5 минут", "Алма" сауда орталықтарында және басқа да ойын-сауық орталықтарында үлкен жеңілдіктер жасалады.