Отбасы күні: ШҚО-да «Отан отбасынан басталады» атты фестиваль өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Халықаралық Отбасы күніне орай фестиваль өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өңірде 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне арналған шаралар легі басталды. Өскемендегі Сол жағалау саябағында «Отан отбасынан басталады» атты фестиваль өтті.

Фестиваль шымылдығы отбасылық топтардың концертімен түрілді. Содан соң мереке спорттық эстафеталармен, қолөнершілер жәрмеңкесімен, түрлі ойындар мен кәдесыйлар сатылымымен жалғасты.

«Осындай шаралардың отбасылық құндылықты арттырары сөзсіз. Қатысушылар жарқын эмоция алып, бір сергіп қалды. Жанұядағы татулық, сыйластық мемлекеттің тұрақтылығымен тығыз байланысты», - дейді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Келушілер назарына Өскемен қаласының көркемсурет мектебінің оқушылары салған картиналар да ұсынылды. Балалар өз жұмыстарында отбасылық құндылықтарды, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты қылқалам арқылы суреттеген.


Соңғы жаңалықтар