Отбасы мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстарын көбейту қажет - Балаева
«Отбасын нығайту, демография және гендерлік мәселелер тақырыптары бойынша докторлық диссертация жұмыстарын кеңейту аса маңызды. Осы тақырыптар бойынша бірен-саран адам қорғайды және біз үшін мамандандырылған сараптамалық ортаны кеңейту маңызды», - деді ол Отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.
Оның атап өтуінше, Қазақстан үшін отбасы институты мемлекеттің маңызды тірегі саналады және отбасы саясаты Ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі.
«Үкіметке жыл сайын ана мен баланы қорғау және отбасының әл-ауқаты саласындағы заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту міндеттері қойылады. 2022 жыл Балалар жылы ретінде аталып өтіп жатыр. Сондықтан конференцияның негізгі сессияларының бірі Қазақстанның осы саладағы үздік тәжірибелерін таныстыруға арналған. Оның ішінде әл-ауқат индексі әзірленді және оны енгізу процесі жүріп жатыр. Мектептегі психологиялық қызметтердің қызметі үшін бірыңғай ережелер жұмыс істейді. Өңірлерде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Биыл Қазақстанда отбасылық және гендерлік саясатты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Қорытындысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдердің рөлін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік база айтарлықтай нығайтылды»,- деді Аида Балаева.