«Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң күшіне енді, нәтиже жаман емес - ІІМ

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Өткен жылдың желтоқсан айында отбасындағы құқық бұзушылыққа қарсы әрекет ету әдістерін одан әрі жетілдіру мақсатында Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң күшіне енді.
None
None

Осы Заңымен «Қорғау нұсқамасы» ұғымы отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасының бірі ретінде енгізілді. Мінез-құлқы жақындарына қауіп төндіретін адамдарға қорғау нұсқамасы шығарылады. Қорғау нұсқамасын ішкі істер органдарының басшылары шығарады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінен.

Заңның қолданысқа енгенен кейін құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға қарсы 5 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылды.

Қорғау нұсқамасы 10 тәулік мерзімге шығарылады. Жәбірленушінің өтініші бойынша қорғау нұсқамасын прокурор 1 айға дейін ұзартуы мүмкін.

Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны iздестiруге, iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға, сондай-ақ жиған ортақ мүліктерін бірлесіп иеленуге тыйым салынады. Қорғау шаралары құқық бұзушы адамға және нақты мән-жайларға байланысты айқындалады. Қорғау нұсқамасын бұзу бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.

Сонымен қатар ағымдағы жылы отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін ішкі істер органдарының материалдары бойынша сот шешімімен 21 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласына қатысты қылмыстардың саны 10,5 пайызға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар