Отбасылық дәрігерлерді қашықтан оқытудың жаңа бағдарламасы енгізілуде

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында отбасылық дәрігерлерді қашықтан оқытудың жаңа бағдарламасы енгізіліп жатыр,

Отбасылық дәрігерлерді қашықтан оқытудың жаңа бағдарламасы енгізілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің «ЗдравПлюс» жобасы, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты және Қазақстанның Отбасылық дәрігерлер қауымдастығы бірлесіп жүзеге асырып отыр. Қашықтан оқытатын жаңа бағдарлама артериалдық гипертензия бойынша енгізілуде. Жалпы бұл бағдарлама Қазақстандағы отбасылық дәрігерлердің 1-ші құрылтайына арналған сателиттік шара болып отыр. Онда артериалдық гипертензияны анықтау, емдеу және науқастар мен тұрғындарды оқытудың қазіргі заманғы ең озық әдістері қамтылған. Оны қолдану әлеуметтік мәні бар аурулармен күрес жұмысында отбасылық дәрігерлердің кәсіпқойлығын арттырады.