Отбасылық жанжалдың аяғы үш адамның өлімімен аяқталды

АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматының Бостандық ауданында тұратын отбасының үш бірдей адамы өзара жанжал салдарынан көз жұмды,
None
None

деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бұл сұмдық оқиға туралы ақпарат кеше Алматы қаласы ІІД жедел басқару орталығына 22 сағат 55 минутта келіп түскен. Қылмыс болған жерден полиция қызметкерлері 62 жастағы үй қожайынының және оның 61 жастағы осы пәтерде бірге тұратын танысының, сондай-ақ 23 жасар жас жігіттің өлі денелерінің үстінен түсті. Тәртіп сақшыларының алдын ала болжамы бойынша марқұм болған үшеу аңшылық мылтықтан атылған оқтан қаза болған деген жорамал жасалды. Қанды оқиға орын алған пәтерді тінту барысында полицейлер аталған аңшылық мылтықты тауып, сараптамаға жіберді.

Сонымен қатар пәтерді шолу барысында криминалистер осы пәтерді мекен етіп келген 61 жасар тұрғынның өлер алдында, осы қанды оқиға жайында жазған хатын да тауып қылмыстық іске тіркеді. Хат мәтінінде 62 жасар ана мен оның баласы арасында жанжал туындағаны, жеткіншектің мотоцикл сатып алуына анасының түбегейлі қарсы болғандығы, сол үшін ол өз анасын мылтықпен жайратып салғандығы толық жазылған. Сондай-ақ хатта 62 жасар ақсақал мұны көріп шыдай алмай, өгей баласының қолындағы мылтықты тартып алып, оның өзін атып салғанын, соңынан өзін де атып өлтіретіндігін хатқа жазып қалдырған.

Қазіргі таңда болған оқиғаның басқа да мән-жайлары мен себеп-салдары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар