Отбасының цифрлық картасын биыл іске қосу керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау көрсету өте маңызды. Үкімет әлеуметтік қолдаудың проактивті форматына көшуі, оны барынша атаулы жасауы тиіс», - деді Қазақстан Президенті бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Отбасының әлеуметтік картасын көңілге қонымды жасап, шынайы іске асыру өте маңызды.

«Жобаның бастапқы тұжырымдамасы оны әзірлеуге бірнеше ведомствоның қатысуына байланысты сан мәрте өзгеріске ұшыраған болатын. Үкіметке жылдың соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосуды және «Әлеуметтік әмиянды» енгізуді тапсырамын», - Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар