Өтелмей жатқан жалақыларын талап етіп қоғамдық тәртіпті бұзған құрылысшылар 15 тәулікке қамалуцы мүмкін - ІІД

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше, маусымның 7-сі күні Астанада құрылыс кранының басына шығып, өтелмей жатқан жалақыларын талап еткен «АБК құрылыс-2» компаниясының жұмысшылары 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Өтелмей жатқан жалақыларын талап етіп қоғамдық тәртіпті бұзған құрылысшылар 15 тәулікке қамалуцы мүмкін - ІІД

Бұл туралы бүгін брифинг барысында Астана қалалық ІІД-нің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз наразылық акциясын ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзған «ереуіл» белсенділерін кеше полиция қызметкерлері ұстаған болатын.

«Аталмыш оқиға бойынша, құрылысшыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс әбден тексерілгеннен кейін сотқа жіберіледі. Оларға сот 15 тәулікке дейін қамауға алу туралы немесе 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім шығаруы мүмкін», деп атап көрсетті Б. Есенбай.

Оның айтуынша, бірер апта бұрын осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алған көрінеді. Сол факті бойынша, сот құқық бұзушыны 2 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.