Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Отгонцэцэг Галбадрах жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

48 келі салмақта сынға түсетін отандасымыз Галбадрах жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде әдісімен басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды.

Отгонцэцэг Галбадрах жартылай финалда жапон қызы Тонаки Фунамен кездеседі.

Айта кетерлігі, Галбадрах бұған дейін Тонаки Фунамен Азия чемпионатының жартылай финалында кездескенде Галбадрах Отгонцэцэг оны иппонмен жеңген болатын. Рейтингтегі орны - 13.

Естеріңізге сала кетейік, Галбадрах Отгонцэцэг жақында Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль сыйлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар