Өткелде тұрып қалған көлікті пойыз бірнеше метрге сүйреп әкетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Лэнгли қаласында (Британ Колумбиясы провинциясы) тауарлық пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады 30 желтоқсанда CTV телеарнасы.
Оқыс оқиға теміржол өткелінде болды. Көлік ішінде ерлі-зайыптылар отырған.
Полицейлердің сөзіне қарағанда, машина белгісіз себеппен светофорға және түсірілген шлагбаумға қарамастан өткел үстінде тұрып қалған.
Пойыз оны рельс бойымен бірнеше метрге сүйретіп кетті.