Өткен 6 айда геморрагиялық безгектің 10 оқиғасы анықталды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Республикада өткен 6 айда геморрагиялық безгектің 10 оқиғасы анықталды.

Өткен 6 айда геморрагиялық  безгектің  10 оқиғасы   анықталды

Оған қоса, сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші - 1,5 есеге, сарыппен ауыру - 4,5 пайызға, өткір ішек инфекциясымен ауыру 1,5 пайызға өскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне сілтеме жасап осындай деректер келтіріп отыр.

Сондай-ақ, өткен жартыжылдықта іш сүзегімен, лептоспирозбен, қызамықпен және құтырмамен ауырудың бірді-екелі оқиғалары тіркелген.

Есесіне, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тұмаумен ауырғандар -3,5 есеге, тез тарайтын паротитпен ауырғандар - 46,8, менингококты инфекциямен ауырғандар -35,8 пайызға, қышымамен ауырғандар - 26,4 пайызға, өткір вирустық гепатитпен ауырғандар -8,8 пайызға, тыныс жолы туберкулезімен ауырғандар 5,9 пайызға төмендеген.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда сіреспе, оба, доңыз және құс тұмау, туляремия, безгек, полиомиелит, делбе сияқты жағдайлар мүлдем кездескен жоқ.