Өткен 8 жылда еліміздің экономикасына 136,8 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтеріне қарағанда, 1993 жылдан 2011 жылдың 30 маусымына дейін Қазақстан экономикасына 136,8 млрд. АҚШ доллары сомасында тікелей шетелдік инвестиция тартылған.
Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратқан ақпаратында айтылды.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2011 жылдың 9 айында Қазақстан экономикасына шамамен 15,7 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға артық көрсеткіш. Осы кезеңдегі еліміздің негізгі инвесторлары Нидерланды болып табылады, аталған елдің үлесінде 6,4 млрд. доллар тиесілі. Бұл былтырғы жалпы инвестицияның 40,6 пайызын құрайды. Одан кейінгі орындарда Франция - 1,1 мрлд. доллар, Канада - 946,5 млн. доллар, Қытай - 814,9 млн. долларды құрайды.
Бұдан бөлек, тікелей шетелдік инвестицияның ауқымды ағыны АҚШ (658,9 млн. доллар), Ұлыбритания (602,5 млн. доллар), Ресей (547,7 млн. доллар) тарапынан байқалады.