Өткен алты айда әскери соттар қараған істер былтырмен салыстырғанда 24,3 пайызға аз болды
Төрағаның айтуына қарағанда, осы кезеңде 1258 азаматтық іс қозғалып, 939 іс қаралып, шешім шықты. Бұл көрсеткіш те былтырғы жылға қарағанда 15,8 пайызға төмен.
«Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты 2015 жылдың алғашқы тоқсанында 391 электронды арыз-шағым келіп түсіп, олар өндіріске алынды. Сот өндірісінде бірінші инстанцияда жатқан 1416 азаматтық істің 1113-і қаралып бітті. Бұл көрсеткіш те былтырғыға қарағанда 20 пайызға, яғни 311 азаматтық іске аз», - деді С.Абдуллаев.
Айта кетерлігі, 2015 жылдың өткен алты айында қаралған азаматтық істердің басым бөлігі тұрғын үйге қатысты дауларды құрап отыр. Оның ішінде жекешелендірілмеген баспана үшін өтемақы төлеу, жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдану, жекешелендіруге беруден бас тарту бойынша мемелкеттік органдардың үстінен шағымдану секілді арыздар бар. Бұдан бөлек, еңбек даулары да қаралған істердің басым бөлігін құраған.