Өткен алты айда Астанада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 79 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылдың өткен алты айында Астана қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 79 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен алты айда Астанада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 79 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанның Бас Прокуратурасынан мәлім еткендей, есірткі заттарын көпшілік орындарда пайдалану, оны саудалау ошақтарын анықтау және жолын кесу мақсатында Астана қаласында «Астана - есірткісіз қала» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың қыркүйегінен бері, қалалық сот - 537 тұлғаға қатысты 537 әкімшілік істі қарады.

Олардың ішінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР кодексінің 320-шы бабы 1-ші тармағы бойынша есірткілік заттардың заңсыз айналымына қатысты - 533 іс, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің алқаптарын тиісті күзетпен қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚК-нің 319-шы бабы бойынша - 4 іс қозғалды.

Ал 2010 жылдың соңғы алты айында Астана қаласының арнайыландырылған ауданаралық әкімшілік соты мен елордалық прокуратура қызметкерлері, есірткі заттарын көпшілік орындарда пайдалану, оны саудалау ошақтарын анықтау және жолын кесу бойынша 79 тұлғаны әкімшілік жауакершілікке тартты. Оның ішінде 43 іс бойынша тұлғалардан айыппұл өндіріп алынса, 36 тұлғаға қамауға алу шарасы қолданылды.