19:29, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Өткен алты айда еліміздегі экономиканың жекелеген сегментінде өзгерістер орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында экономиканың жекелеген сегменттерінде бағалар өзгерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы алты айда инфляция 4,6 пайызды құрады. Баға өнеркәсіпте 9,6 пайыз, көтерме саудада 7,9 пайыз, ауыл шаруашылығында 3,9 пайыз, құрылыста 2,9 пайызға өсті. Сонымен қоса, барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер 3,8 пайызды, заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтерге 3,5 пайызға, заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне 0,6 пайызға жоғарылаған.