Өткен апта ішінде 5570 қылмыс жасалып, оның 2635-і "ізі суымай" ашылды
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде елімізде 5570 қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Бір апта ішінде 5570 қылмыс жасалып, «ізі суымай» 2635 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 806 қылмыс, оның ішінде 159 өткен жылдардағы қылмыстар ашылды», - дейді Н. Ораз. Оның айтуынша, аталған мерзімде 87 қылмыскер іздестіріліп, табылды, 5 қару тәркіленді.
«Бұдан бөлек, 85 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 41 фактісі анықталды. 29 келі есірткі құралы, оның ішінде төрт келіден астам героин тәркіленді», - деді ол.