Өткен аптада Алматыда жүргізілген рейд барысында 61 заңсыз сауда орындары жойылды

АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда заңсыз сауда орындарымен күрес жалғасуда. Өткен аптада қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мен аудандық ІІД қызметкерлері тағы да жабайы саудамен күреске шығып, рейд жүргізді.

Өткен аптада Алматыда жүргізілген рейд барысында 61 заңсыз сауда орындары жойылды

Рейд барысында тағы да заңсыз жұмыс істеп тұрған алты дүңгіршек анықталды: 4-еуі - Алмалы ауданында, 2-еуі - Түрксіб ауданында. Қазіргі уақытта әлі де ұсақ-бөлшек желісіндегі 54 нысан жұмыс істеуде.

Өткен аптада жедел топтың күшімен 61 заңсыз сауда орындары жойылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет сонымен қатар, қаланың 7 базарына рейд жүргізді. Оның нәтижесінде «Болашақ», «Құлагер», «Жұлдыз», «Тастақ», «Кәрім», «Ботагөз» базарлары айналасындағы 25 жабайы сауда орындары жойылды.