Өткен аптада азық-түлік бағасы айтарлықтай арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 10-17 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларының біршама өзгерісін анықтады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Өткен аптада азық-түлік бағасы айтарлықтай арзандады

Аталған мерзім аралығында азық-түлік өнімдерінің бағасы келесідей төмендеді:

- Ақтөбеде күріш 10 пайызға, келісі 212 теңгеден 190 теңгеге дейін арзандады. Бұған нарықтың өніммен толығуы мен сатушылардың көтерме бағаны 6 пайызға 180 теңгеден 170 теңге дейін азайтуы себеп болды; - Астанада тары жармасы 13 пайызға, 159 теңгеден 138 теңгеге дейін арзандады, оған сатылымда арзанырақ қаптан өлшеніп сатылатын өнімнің көбеюі себеп болған; - Астанада үрмебұршақ 20 пайызға, бір келісі 482 теңгеден 388 теңгеге дейін арзандады. Бұл «Шапағат» жабық базарында арзанырақ қаптан өлшеніп сатылатын бағасы келісіне 230 теңге құрайтын үрмебұршақтың сатылуымен және мұның орташа бағаға әсер етуімен байланысты, өнімнің көтерме сауда бағасы бір келісіне 280 теңге деңгейінде қалды. Көкшетауда 1-санатты тауық жұмыртқасы 11 пайызға, он данасына 180 теңгеден 160 теңгеге дейін арзандады. Қарастырылып отырған кезең аралығында Шымкентте үрмебұршақ 16 пайызға, бір келісіне 284 теңгеден 330 теңгеге дейін қымбаттады. Орташа бағаның көтерілуіне сатылымда қымбатырақ орамадағы өнім үлесінің басым болуы әсер еткен, ал көтерме сауда бағасы келісіне 310 теңге деңгейінде қалды. Көкөніс-жеміс өнімдерінің бағасы мынадай өзгерістерге ұшырады: - Қарағандыда жүзім 36 пайызға, келісіне 515 теңгеден 701 теңгеге дейін қымбаттады.Қымбаттауға мониторинг күні көтерме сауда базарына өнімнің әкелінбеуі мен сатылымдағы жүзім көлемінің азаюы себеп болған; - Шымкентте сәбіз11 пайызға, яғни бір келісі 90-нан 80 теңгеге дейін арзандады. Арзандауға халық сұранысының азаюы мен бөлшек саудадағы сатушылардың үстеме бағаны төмендетуі себеп болды, көтерме баға болса, сәбіздің бір келісі 70 теңге деңгейінде сақталып қалды; - Ақтөбеде мандарин 10 пайызға, бір келісі 258 теңгеден 232 теңгеге дейін арзандады. Баға төмендеуіне нарықтың Ресейден әкелінген өніммен толығуына және көтерме сауда бағасының 10 пайызға, келісіне 210 теңгеден 190 теңге дейін арзандауы себеп болған; - Астанада баялды (баклажан) бағасы 15 пайызға, келісі 570 теңгеден 658 теңгеге дейін қымбаттады. Бұған сатылымдағы өнім көлемінің азаюы мен көтерме сауда бағасының 33 пайызға, келісіне 450 теңгеден 600 теңгеге дейін артуы себеп болды. Өзге азық-түлік өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан жоғары) өзгерген жоқ. Еске сала кетейік, «Қазагромаркетинг» АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктің 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.