Өткен аптада ел аумағында жеті кісі өлімі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – Бір апта ішінде 2777 қылмыс жасалды, оның ішінде 7 адам өлімі тіркелді.

полиция
Фото: polisia.kz

«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2777 қылмыс жасалды, оның 1809-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді анықтады. Одан бөлек, тәртіп сақшылары өткен аптада 1 қарақшылық, 37 тонау және 299 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.