Өткен аптада ел аумағында 4 мыңға жуық қылмыс тіркелді

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен аптада ел аумағында 4 мыңға жуық қылмыс тіркелді.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 3968 қылмыс тіркеліп, оның 2378-і ізі суымай ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған - 580, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 20 қылмыстың мән-жайы анықталды. Іздеу жарияланған 115 қылмыскер ұсталып, заңсыз айналымнан 144 қару алынды». - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, бұған қоса есірткінің заңсыз айналымына қатысты 55 қылмыс әшкереленген, оның 21і - есірткі сату фактісі. 8,5 келіден аса есірткі заты тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар