18:01, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Өткен аптада ел аумағында 6294 қылмыс тіркелді
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен апта ішінде елімізде 6294 қылмыс тіркелді.

Оның ішінде «ізі суымай» 3517 қылмыс ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, өткен апта барысында бұрын жасалған 719, оның ішінде өткен жылдардағы 78 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 114 қылмыскер іздестіріліп, табылды.
Бұдан бөлек, 44 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 18 фактісі анықталды. Жалпы мөлшері үш тоннадан астам есірткі құралы тәркіленген.