Өткен аптада елімізде 355 төтенше оқиға орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада елімізде 355 төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оның 107-сі табиғи сипаттағы болса, 248-і техногендік.
«Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2224 рет шықты. 284 адам, оның ішінде 55 бала құтқарылды. Эвакуацияланы - 201 адам (40 бала).
Бір апта ішінде елімізде 278 өрт, 1302 жану, 431 басқа тосын оқиғалар орын алды», - деп жазды ведомстводан.
112 құтқару қызметіне 154 146 қоңырау келіп түсті және 134 дауылды ескерту жіберілді.